бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді

2025-01-08     IDOPRESS

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы бірқатар нысанды аралап көрді. Президент ең алдымен Kazakhstan International School Astana (KIS Astana) мектебіне барды.

20 мың шаршы метрден астам аумақта орналасқан білім беру мекемесі 800 оқушыға және мектеп жасына дейінгі 120 балаға есептелген. Мектеп халықаралық бакалавриат (IB) аккредитациясынан өткен. Бұл беделді бағдарлама үш бағытты қамтиды. Атап айтқанда,5-тен 10 жасқа дейінгі балаларға арналған бастауыш (Primary Years Programme,PYP),11-ден 16 жасқа дейінгі балаларға есептелген орта (Middle Years Programme,MYP) және 16-19 жас аралығындағы ересек оқушыларға бейімдеген дипломдық оқу бағдарламасы (Diploma Programme,IB) бар.

Оқу кабинеттері әрбір оқушының алаңсыз білім алуына және қарым-қабілетін ашуына қолайлы жағдай жасайтын заманауи технологиялармен жабдықталған. Сонымен қатар мектепте футбол стадионы,теннис корты,шағын футбол алаңы және бассейн секілді спорт инфрақұрылымы қарастырылған.

Мемлекет басшысы Қазақстанда білім беру деңгейін арттырудың маңызды екенін атап өтті. Әсіресе,жас буынның бәсекеге қабілетін шыңдауда әрі жан-жақты дамытуда осындай оқу орындары ерекше рөл атқаратынына назар аударды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap