бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астанадағы вокзалда кішкентай бала табылды. Полиция анасын іздестіріп жатыр

2025-01-09     HaiPress

Астанада "ескі" вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада "ескі" вокзал маңында кішкентай бала табылды. Ол медициналық мекемеге орналастырылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

WhatsApp чаттарында қараусыз қалған бала туралы хабарлама тарады. Онда баланы әдейі тастап кеткені және қалтасында "Баладан бас тартамын" деген жазба бар екені айтылған.

Желіде тараған фото

Tengrinews.kz тілшісі бұл оқиғаға қатысты пікір алу үшін көлік департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді. Олар вокзалда қараусыз қалған бала табылғаны туралы деректі растады. Сонымен қатар,полиция баланың анасы іздестіріліп жатқанын хабарлады.

"Астана" станциясындағы желілік полиция басқармасы кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдыру дерегі бойынша соталды тергеу бастады. Табылған бала профилактикалық мақсатта медициналық мекемеге орналастырылды",– деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap