бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

2025-01-12     HaiPress

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым,абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақорданың хабарлауынша,Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті абайтанушы ғалым,филология ғылымдарының докторы,І дәрежелі "Барыс" орденінің иегері Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

"Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге,отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып,көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп,соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат,жаны жәннатта болсын",- деп жазылған жеделхатта.

Еске салайық,бұған дейін филология ғылымдарының докторы,профессор Мекемтас Мырзахметұлы 95 жасына қараған шағында дүниеден өткенін хабарлаған едік.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap