бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматы облысындағы тасжолда әскери көліктер “түсіп қалды“

2025-01-16     HaiPress

Алматы облысында әскери техникалар жол-көлік оқиғасына ұшырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысында әскери техникалар жол-көлік оқиғасына ұшырады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды.

"Бейнежазбада МТ-ЛБ (көп мақсатты жеңіл броньды тасымалдаушы-тартқыш,"Объект 6","мотолыга","мотолаба") – жетілдірілген көпмақсатты кеңестік жауынгерлік машина. Заречный маңындағы тасжол аумағы",- делінген сипаттамада.

"ҚазАвтоЖол" Алматы - Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы туралы шұғыл ақпарат берді.

"2025 жылғы 15 қаңтар сағат 13:40 шамасында "Алматы-Өскемен" автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында "Цзефан" автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды.

Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып,сүйемелдеп келе жатқан "Ssang Yong Actyon автокөлігімен соқтығысты",- делінген "ҚазАвтоЖол" хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap