бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты

2025-01-16     HaiPress

Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылорда облысында полицейлер 6 миллион теңгенің ұрлығын ашты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Осы жылғы 10 қаңтарда Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны өзінің жеке үйінде ұрлық болғаны жөнінде хабарлаған. Тексеру барысында үй иелері болмаған уақытта белгісіз адам жәбірленушінің үйінің жатын бөлмесіне терезені бұзу арқылы кіріп,6 миллион теңге көлемінде ақша ұрлағаны анықталды.

Жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде,полицейлердің кәсібилігінің арқасында бір тәулік ішінде ізін суытпай Түркістан облысында қонақүйде жасырынған жерінен 34 жастағы күдікті құрықталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Ұрланған ақша жәбірленушіге қайтарылды.

Күдіктіге қатысты сот санкциясымен екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қолданылды. Тергеу жүргізіліп жатыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap