бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім барады?

2025-01-17     IDOPRESS

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім қатысатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың инаугурациясына Қазақстан атынан кім қатысатынын айтты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

20 қаңтарда Вашингтонда өтетін рәсімге Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев барады.

gov.kz

Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады. 2013 жылдан 2021 жылға дейін сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды.

Инаугурация - АҚШ-тағы президенттік билікті берудегі маңызды сәт. Осы ресми рәсім кезінде қазіргі президент өз өкілеттігін келесі президентке береді.

Еске салайық,2024 жылы 5 қарашада Америка Құрама Штаттарында президент сайлауы өтті. Негізгі кандидаттар республикашылар атынан Дональд Трамп және демократтар атынан Камала Харрис болды. Бұл - елдің 47-ші президенті сайланатын 60-шы президенттік сайлау.

Трамп Вашингтон уақыты бойынша түнгі сағат екіде (Астана бойынша сағат 12:00-де) сайлаудың жеңімпазы деп жарияланды. Ол барлық негізгі штатта жеңіске жетті.

Анықтама: Сайлауда америкалықтар жаңа президентті ғана емес,вице-президентті,конгрестің 468 мүшесін,11 штаттағы губернаторларды,сондай-ақ,жергілікті өзін-өзі басқару органдарына өкілдерді анықтады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap