бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қытайда 35 адамды көлікпен қағып өлтірген жүргізуші өлім жазасына кесілді

2025-01-20     HaiPress

Қытайда сот 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюдің өлім жазасын орындады,ол әдейі адамдар тобын көлікпен қағып өткен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CCTV-ге сілтеме жасап.

Қытайда сот 62 жастағы жүргізуші Фань Вэйцюдің өлім жазасын орындады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі CCTV-ге сілтеме жасап.

Сот айыпталушының қоғамға қауіпті екенін анықтап,оны өлім жазасына кескен. Үкім шығарылғаннан кейін Фань апелляция беруден бас тартты. Үкімді орындау тәсілі нақтыланбаған.

Еске салайық,қайғылы оқиға 2024 жылдың қарашасында Қытайдың оңтүстігіндегі Чжухай қаласында болған. Фань Вэйцю жол талғамайтын көлікті тізгіндеп келе жатып,"Чжухай стадионы" спорт орталығындағы жүгіру жолында жаяу жүргіншілерді қағып өткен. Оқиға салдарынан 35 адам қаза тауып,43 адам жарақат алды.

Жол апатынан кейін жүргізуші мойнын жарақаттап,комаға түскен. Қытайлық БАҚ мәліметінше,бұл әрекетке ер адамның ажырасудан кейінгі мүлікті бөлу нәтижесіне риза болмауы себеп болған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap