Қазақстандық саясаттанушы әрі балаларды дамыту CDF қоғамдық қорының негізін қалаушы Дина Шайхислам АҚШ-тың жақында сайланған президенті Дональд Трамптың инауграция рәсіміне арнайы шақыртылды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы Дина әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Видеодан шақырудың құрамына инаугурацияға кіру билеті,қосымша шақырту хаттары,Дональд Трамп пен жаңа вице-президент Джей Ди Вэнстің қолтаңбасы бар фотосуреттер,инаугурация бағдарламасы кіретінін көруге болады.
"Бүгін мен Президент Трамп пен Вице-президент Вэнстің инаугурациясына ресми шақырту алдым",– деп жазды ол.
Сондай-ақ,ұлықтау рәсіміне Қазақстан атынан АҚШ-тағы елші Ержан Ашықбаев қатысады. Ержан Ашықбаев 2021 жылғы 5 сәуірден бастап Қазақстанның АҚШ-тағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Dina Shaikhislam (@dina_shayk)
Айта кетейік,Дональд Трамптың АҚШ-тың 47-президенті ретінде инаугурациясы 2025 жылдың 20 қаңтарында Вашингтонда,жергілікті уақытпен сағат 12:00-де өтеді.