"Қазгидромет" синоптиктері 21-23 қаңтар аралығында Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын болжады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ауа райы болжамына сәйкес,21-22 қаңтар күндері солтүстік-батыс циклонының әсерінен елдің көп бөлігінде жауын-шашын болады: солтүстік өңірлерде қар,кей жерлерде қалың қар жауады; шығыста,оңтүстікте және оңтүстік-шығыста жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын күтіледі.
Сонымен қатар,республика бойынша боран,көктайғақ,тұман,желдің жылдамдығы 15-28 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Шығыс,оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде желдің жылдамдығы 30 м/с және одан да жоғары болуы мүмкін.
"Алайда ылғалды циклонның артынан суық антициклон жылжиды,ол ел бойынша ауа температурасының күрт төмендеуіне алып келеді: солтүстік жартысында минус 25-35 градусқа дейін,оңтүстік бөлігінде минус 15-25 градусқа дейін аяз болады",– делінген хабарламада.