бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Алматыда көлік апатынан әйел адам қаза тапты

2025-01-20     IDOPRESS

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан Алматыда әйел адам қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әл-Фараби даңғылында болған жол апатынан Алматыда әйел адам қаза тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға орнынан түсірілген видео Tengrinews.kz редакциясына оқырмандардан келіп түсті. Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімінің мәліметінше,жол апаты бүгін таңғы 5:30-да Алматы қаласының Бостандық ауданында болған.

"Toyota маркалы автокөліктің 20 жастағы жүргізушісі Әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта қозғалып бара жатып,Қаратаев көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай,жолдың солтүстік шетіне шығып кетіп бордюрге соғылған. Содан кейін қозғалысын жалғастырып,жаяу жүргінші жолына шығып кеткен. Онда ол 39 жастағы әйелді қағып,кейіннен жарнама тақтайшасының тірегіне соғылып көлігі аударылған",– деп хабарлады Алматы қаласының полиция департаменті.

Өкінішке қарай,жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды.

Ал көлік жүргізушісі мен оның жолаушысы қаладағы ауруханалардың біріне жатқызылды. Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap