бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

СІМ Малайзиядағы қазақстандық қыздың өліміне қатысты пікір білдірді

2025-01-22     HaiPress

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Малайзияда қазақстандық студент қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Малайзияда қазақстандық студент қыздың қайтыс болғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде блогерлер 17 жастағы қазақстандық Нұрай Қадырдың Малайзиядағы жеке клиникалардың бірінде пневмониядан қайтыс болғаны туралы видео таратты. Хабарламада Қытайдың Сямэнь университетінде оқыған қыздың жеке ауруханада қажетті медициналық көмек ала алмай көз жұмғаны айтылады.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша,Қазақстанның Малайзиядағы елшілігі марқұм қазақстандық қыздың денесін отанына жеткізуді ұйымдастыруда жан-жақты көмек көрсеткен.

"Консул аурухана,университет және сақтандыру компаниясымен мәселелерді үйлестірді. Денені тасымалдау,жерлеу рәсімі қызметтері және анасына ұшақ билетін алу шығындарының барлығы медициналық сақтандыру есебінен жабылды",– деді Смадияров.

Ведомство өкілі қазақстандық елшілік қызметкерлері қыз қайтыс болған ауруханасымен тығыз байланыста екенін және аталған факт бойынша ішкі тергеу жүргізіліп жатқанын айтты.

"Нәтижелері марқұмның анасына беріледі. Сондай-ақ елшілік университетпен байланыста болып,студенттің анасына ары қарайғы құқықтық әрекеттер бойынша көмек көрсетіп жатыр",– деп түйіндеді Смадияров.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap