бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Әзілге бола 5 жыл: ІІМ “телефон терроризмінің“ салдары туралы ескертті

2025-01-26     HaiPress

2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2024 жылы ішкі істер органдары әртүрлі нысанда жарылғыш құрылғылар орнатылғаны туралы көрінеу жалған хабарламалар бойынша 247 қылмыстық іс тіркеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше,"жалған терроризм" фактілері үшін 48 күдікті ұсталды,олардың 15-і - кәмелетке толмағандар. Қазіргі уақытта қылмыстық жауапкершілікке 13 адам,оның ішінде бір жасөспірім тартылды.

"Егер жалған хабарламаны таратқан адам кәмелетке толмаса,оның ата-анасы балаларды тәрбиелеу шараларын қабылдамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Былтыр мұндай шара алты ересек адамға қолданылды. Сонымен қатар сот шешімімен жалған шақырту салдарынан объектінің иесіне немесе мемлекетке келтірілген залалды өтеу туралы қылмыскерге талап-арыз қойылады. Залал мөлшері екі миллион теңгеге дейін жетуі мүмкін. Терроризм актісіне дайындық туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін 5 мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл,сондай-ақ 5 жылға дейін бостандықты шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған",- деді ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті басқарма бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap