бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандағы алғашқы АЭС: премьер-министр тапсырма берді

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Олжас Бектенов атом энергетикасын дамыту мәселесі бойынша кеңес өткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен кеңесте Мемлекет басшысының Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген энергетиканы дамыту және ядролық кластер құру жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы қаралды.

"Президенттің электр энергетикасы инфрақұрылымын қарқынды дамыту және қажетті резервтер құру жөніндегі тапсырмасын ескере отырып,2025–2031 жылдарға арналған электр энергиясының болжамды теңгерімі тыңдалды. Электр энергиясын тұтынудың ұдайы өсуіне байланысты жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған электр стансаларын жаңғырту арқылы 2035 жылға дейін 26,5 ГВт деңгейінде жаңа генерациясы бар қуаттар құрылымы қарастырылып жатыр",- делінген хабарламада.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бірінші атом электр стансасының құрылысы бойынша әлеуетті жеткізушілермен жүргізілген келіссөздер туралы баяндады.

Премьер-министр АЭС салу мәселесінде еліміз үшін барынша экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету қажет екеніне тоқталды. Жеткізушіні таңдауда ел ішіндегі құндылықты арттыруға,өндірісті локализациялауға және технология трансфертіне мән беру тапсырылды.

Сондай-ақ атом ғылымын,сала мамандарын даярлау бойынша білім беру бағдарламаларын дамытудың келешегін талқылады. "Қазақстан атом электр станциялары" ЖШС басшысы Тимур Жантикин,Ұлттық ядролық орталығының басшысы Эрлан Батырбеков,Ядролық физика институтының басшысы Саябек Сахиев өздерінің сараптамалық көзқарастарымен бөлісті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap