ПОДЕЛИТЬСЯ
Қазгидромет Астана,Алматы және еліміздің әр өңіріндегі басқа да қалалардың тұрғындарына ескерту жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2025 жылғы 5 ақпанда Павлодар,Семей,Риддер,Ақтөбе,Алматы және Астана қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауаның ластануы күтіледі. Бұл қалаларда ауа райы атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді",- делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы,жеңіл жел,тұман,инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.