ПОДЕЛИТЬСЯ
"Қазгидромет" синоптиктері алдағы үш күнде ел аумағында қандай ауа райы күтілетіні туралы болжам жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Болжамға сәйкес,алдағы үш күнде республиканың басым бөлігінде кең антициклон әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 8 ақпаннан бастап Ақмола облысында,елдің солтүстігінде,солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронттардың ықпалы күшейеді,нәтижесінде қар жауып,бұрқасын болуы мүмкін,ал оңтүстік өңірлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Қазақстан бойынша тұман түсіп,желдің күшеюі болжанған.
"Ауа температурасы біртіндеп төмендейді: батыста түнде минус 10-15 градусқа дейін,солтүстік-батыста минус 17-25 градусқа дейін,солтүстікте және орталықта минус 17-28 градусқа дейін,ал шығыста минус 18-35 градусқа дейін суытады",– делінген хабарламада.