бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Назарбаевқа ұшақ сатып алынған ба? “Қазақмыс“ мәлімдеме жасады

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақмыс" корпорациясы бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевқа ұшақ сатып алынғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде "Қазақмыс" корпорациясы Назарбаевқа 84 миллион долларға Airbus ACJ TwoTwenty бизнес-джетін сатып алды деген ақпарат пайда болған еді.

"Бірқатар БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президенті үшін "Қазақмыс" корпорациясы ұшақ сатып алды деген ақпараттың таралуына байланысты,бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын ресми түрде мәлімдейміз",- делінген хабарламада.

Корпорация мәлімдемесінде,компания жеке тұлғалар үшін ұшақ сатып алмағанын атап өтті.

"Ұшақ сатып алу тек компанияның өндірістік қажеттіліктеріне байланысты. Мұндай мәміле туралы кез келген мәлімдемелер негізсіз және қоғамды адастырады. Біз бұқаралық ақпарат құралдарын және әлеуметтік желілердің кейбір қолданушыларын таратылатын ақпараттың дұрыстығын тексеріп,тексерілмеген деректерді жариялаудан аулақ болуға шақырамыз",- деп толықтырды "Қазақмыс".

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap