бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда үш судья жазаланды

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жоғарғы сот кеңесі жанындағы сот алқасы жеті судьяға қатысты тәртіптік істерді қарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыста қарау нәтижелері бойынша,заңдылықты елеулі бұзғаны үшін үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Бір судья ескерту алды,екеуі қызметінен босатылды.

"Төрт судьяға қатысты тәртіптік іс жүргізу тоқтатылды. Оның ішінде: тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты – 1,тәртіптік жауапкершілікке тарту мерзімінің өтуіне байланысты – 1,судьяның өз еркімен қызметтен босатылуына байланысты – 2 судья",– делінген хабарламада.

Сонымен қатар,бұрын салынған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы бір судьяның өтініші қанағаттандырылмады.

Аталған шешімдер әлі заңды күшіне енген жоқ,өйткені тәртіптік жазаға тартылған судьялар оларды Жоғарғы сот кеңесінде қайта қарауға құқылы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap