бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтау маңындағы ұшақ апатының себептері жақын күндері белгілі болады

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының ұшағына қатысты тергеу жөнінде мәлімдеме жасады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мамандар жұмыс істеп жатыр. Әзербайжан Республикасы,Ресей Федерациясы,Бразилия және ИКАО-дан халықаралық мамандар тартылғанын бұған дейін де айттық. Алдағы күндері алдын ала есеп біздің сайтта ресми түрде жарияланады деп күтіп отырмыз. Мамандарға жұмысты аяқтау үшін уақыт қажет. Бұл - өте ауыр жұмыс",- деді Қарабаев Үкіметте өткен брифингте.

Баку – Грозный бағытындағы ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырауы

2024 жылғы 25 желтоқсанда Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының AHY8243 рейсімен Баку (Әзербайжан) – Грозный (Ресей) бағыты бойынша ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады.

Ұшақ Баку әуежайынан Астана уақыты бойынша 08:49-да жоспарланған уақыттан 11 минут ерте ұшып шыққан. Грозныйда қалың тұман болғандықтан,ұшақ алдымен Махачқалаға,кейін Ақтауға бағытталады. Каспий теңізінің үстінде ұшып бара жатқанда,экипаж "төтенше жағдай" сигналын (squawk 7700) берді. Ұшқыштар шұғыл қонуға рұқсат сұрап,әуежай ұшақты қабылдауға дайындалған. Алайда 11:30-да ұшақ әуежайдан 3 шақырым қашықтыққа құлады.

Оқиғаның ресми себебі әлі белгісіз. БАҚ-та түрлі болжамдар айтылып жатыр,соның ішінде ұшақтың қозғалтқышына құс кіріп кетуі немесе салонында оттегі баллонының жарылуы ықтимал екені туралы деректер бар. Қара жәшік сол күні кешке табылды,енді мамандар оның деректерін ашуға кіріседі.

Тергеу

Қайғылы оқиғаға байланысты Қазақстан Бас прокуратурасының басшылығымен ведомствоаралық тергеу-оперативті топ құрылды. Оның құрамына көлік прокуратурасы,ІІМ және ТЖМ мамандары кірді. Тергеу Бас прокурор мен Ішкі істер министрінің ерекше бақылауында. Embraer компаниясының мамандары Қазақстанға ұшып келді.

Ұшақта қанша жолаушы болған

Қазақстан ТЖМ мәліметі бойынша,ұшақ бортында 62 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған:

42 Әзербайжан азаматы;

16 Ресей азаматы;

6 Қазақстан азаматы;

3 Қырғызстан азаматы.

Тірі қалғандардың арасында Әзербайжан,Ресей және Қырғызстан азаматтары бар. Біздің мәліметіміз бойынша,осы уақытқа дейін апаттан 29 адам аман қалды,бірақ кейбіреулерінің жағдайы ауыр. Қазақстандықтардың арасында тірі қалғандар жоқ.

Қайтыс болған қазақстандықтардың тізімі:

Төлесінов Сәндібек Екибайұлы,16.11.1988 жылы туған,Маңғыстау облысының тумасы,Жаңаөзен қаласында тұрған.

Жұмағұлов Бауыржан Жұмабайұлы,30.09.1985 жылы туған,Жаңаөзен қаласында тұрған.

Махсұдова Галина Растамбекқызы,12.01.1978 жылы туған,Ақтау қаласында тұрған.

Шаймерденова Гаухар Жұмағатқызы,17.07.1975 жылы туған,Алматы қаласының тумасы,Астана қаласында тұрған.

Жұмағат Эльдар (Гаухар Шаймерденованың ұлы),23.08.2013 жылы туған,Астана қаласында тұрған.

Жутаева Сәлима Аманжолқызы,21.02.1995 жылы туған,Қостанай облысының тумасы,Қарағанды қаласында тұрған.

26 желтоқсанда таңертең тоғыз жараланған Ресей азаматы Мәскеуге жеткізілді. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарын да отандарына жеткізу жоспарланған. Тірі қалған экипаж мүшелерінің арасында бортсеріктер Айдан Рагимли мен Зульфугар Асадов бар.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap