бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

2025 жылы Қазақстанда қандай жолдар жөнделеді?

2025-02-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл 13 мың шақырым жолды жөндеу жоспарланып отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев мәлім етті,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жөндеу жүргізілмегеніне 30 жылдан 50 жылға дейін болған жолдар,Петропавл - Жезқазған (703 шақырым),Қандыағаш - Шалқар (246 шақырым),Жаңаөзен - Түрішақырыменстан шекарасы (156 шақырым),Қарағанды - Аягөз - Боғас (452 шақырым) толық жөндеуден өтеді. Жаңа жобалар бойынша құрылыс маусымы басталғанға дейін мердігерлерді анықтау үшін конкурстық рәсімдер өткізіледі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша республикалық жолдардың нормативтік жағдайы 94%-ды,ал жергілікті жолдарда - 91%-ды құрайды",- деді министр.

Өткен жылдары басталған ұзындығы 1,08 мың шақырым жобалардың: Қалбатау - Майқапшағай (405 шақырым),Күрті - Қонаев (67 шақырым),Қызылорда - Жезқазған (398 шақырым) және Ұзынағаш - Отар (42 шақырым) құрылысы жалғасып жатыр.

Министр мердігерлерді таңдау кезінде отандық компанияларға немесе шетелдік әріптестердің қатысуымен консорциумға артықшылық берілетінін,бұл қазақстандық құрылыс секторының одан әрі тұрақты дамуына ықпал ететінін атап өтті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap