бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандықтар тағы бір құжатты онлайн ала алады

2025-02-07     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жеке медициналық (санитарлық) кітапшаның электрон форматы енгізілді. Енді қазақстандықтар медициналық тексеру нәтижелерін және санитарлық кітапшасына қатысты мәліметтерді E-Densaulyk сервисі арқылы eGov mobile мобильді қосымшасынан ала алады. Бұл медициналық тексеруден өту уақытын едәуір қысқартып,терапевтке қайталап бару қажеттілігін жояды.,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитарлық кітапша дайын болған кезде азаматтарға 1414 нөмірінен SMS-хабарлама келеді.

Жұмыс берушілер қызметкерлерінің медициналық кітапшаларының өзектілігін hr.enbek.kz еңбек ресурстары порталы арқылы ақысыз тексере алады. Бұл санитарлық нормалардың сақталуын бақылауды жеңілдетіп,мүмкін болатын қателердің алдын алуға көмектеседі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше,электронды жүйе 15 санаттағы қызметкерлерді қамтиды. Олардың қатарында қоғамдық тамақтану,дәріхана,санаторий қызметкерлері,сондай-ақ қызмет көрсету саласының мамандары мен медицина қызметкерлері бар. Бұл санаттағы мамандар жылына бір рет немесе алты ай сайын медициналық тексеруден өтуі тиіс.

"Жеке медициналық кітапшаларды электронды форматқа көшіру арқылы оларды алу және тексеру процесі азаматтар мен жұмыс берушілер үшін оңай әрі жылдам болды",- деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі медициналық анықтамалардың,оның ішінде медициналық кітапшалар мен еңбекке жарамсыздық парақтарының 8 түрін қағаз түрінен электронды форматқа ауыстыру жоспарланып отырғанын хабарлаған болатын.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap