бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Әйелін ұрып-соқты деген дипломат Сәкен Мамаштың ісі 10 айға жуық уақыт бойы тергеліп жатыр

2025-02-11     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана прокуратурасы әйелін ұрды деп айыпталған бұрынғы дипломат Сәкен Мамашқа қатысты қылмыстық істің тергеу барысы туралы хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Редакцияның дипломат Сәкен Мамашқа қатысты істің тергеуі аяқталды ма деген сұрауына жауап ретінде прокуратура елорданың Есіл аудандық полиция басқармасы дипломаттың әйелі Карина Мамаштың арызы бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы ("Көрінеу кәмелетке толмаған адамға немесе көрінеу дәрменсіз жағдайдағы адамға қатысты азаптау") бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын мәлімдеді. Прокуратура тергеу жөнінде толығырақ ақпарат беруден бас тартты.

Еске салайық,бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының парақшасында БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйелін тұрақты түрде ұрып-соғатыны туралы ақпарат пайда болды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі дипломат шұғыл түрде елге шақырылатынын айтып жауап берді. Кейін зорлық-зомбылық туралы хабарлаған елшілік қызметкерінің жұбайы да БАӘ-ден қайтарылатыны белгілі болды. Бұл ретте оны әуежайда күйеуінің туыстары қарсы алғаны айтылды.

2024 жылғы 28 маусымда Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сәкен Мамашқа қатысты денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша істі қарады. Сот шешімі бойынша,ол кінәлі деп танылып,15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap