бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Нұрәлі Әлиев өкілетін тоқтатты

2025-02-12     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрәлі Әлиев "Транстелеком" АҚ директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Нұрәлі Әлиев Instagram-да мәлімдеді. Оның айтуынша,акционерлер құрамынан шығып,компания сатылуына байланысты директорлар кеңесі төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдаған.

"Транстелеком" - қазақстандық ірі байланыс операторларының бірі,телекоммуникация және IT-қызметтермен айналысады. Forbes мәліметтері бойынша Unit Telecom арқылы компания акцияларының 75 пайызына иелік етушілер - Нұрәлі Әлиев пен Дмитрий Покупателев. Қалған 25 пайызы "Қазақстан темір жолында". Бұрын компания мемлекетке тиесілі болды. 2015 жылы "Транстелеком" 9 миллиард теңгеге жекешелендірілгені хабарланды.

2022 жылғы сәуірде Үкіметке "Транстелекомды" сату жөніндегі мәміле салдарынан мемлекетке келтірілген залал мәселесін зерттеу ұсынылды.

Айта кетейік,Нұрәлі Әлиев - Дариға Назарбаеваның ұлы.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap