бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақмола облысының тұрғыны банк шотын досына беремін деп басы бәлеге қалған

2025-02-12     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақмола облысының тұрғыны банк шотына шамамен 20 миллион теңге түскенін білгеннен кейін полицияға жүгінген,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше,Степногорск тұрғыны 2024 жылы елордаға келіп,достарымен бірге жұмыс істеген. Біраз уақыттан кейін ол өзінің банк шотына ірі көлемдегі қаражат тұрақты түрде түсіп тұрғанын анықтаған. Бұл туралы ер адам тек азаматтық істер бойынша сот хабарламаларын ала бастағанда ғана білген. Жағдайды анықтау мақсатында ол полицияға жүгінеді.

"Тексеру барысында былтыр оның шотына белгісіз адамдардан шамамен 20 миллион теңге түскені анықталды. Өзі бұл аударымдар туралы білмейтінін айтқан. Алайда,бұрын ол өзінің шот реквизиттерін досына бергені белгілі болды,ол бұл мәліметтерді өз қаражатын аудару үшін сұраған. Осылайша,ер адамның шоты басқа тұлғаларға материалдық шығын келтірген схемаға пайдаланылған болуы мүмкін",– делінген Ақмола облысы ПД хабарламасында.

Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Құқық қорғау органдары азаматтарға өздерінің банк шоттарының деректерін тіпті ең жақын адамдарына да беруге болмайтынын ескертеді. Бұл ауыр заңдық салдарға әкелуі мүмкін. Сақ болыңыз және қаржылық қаражатыңызды қорғаңыз",– деп ескертті полиция өкілдері.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap