бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Автобус жүргізушілеріне алматылықтармен сыпайы сөйлесу үйретіледі

2025-02-13     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері үшін жағдай жақсарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері жолаушылармен қарым-қатынас мәдениеті бойынша арнайы курстан өтеді. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев қалалық тасымалдау қызметінің сапасы жөніндегі сұраққа жауап беру кезінде мәлімдеді.

Әкімнің айтуынша,Open Almaty платформасына түскен өтініштерге қарағанда,жағдай біршама жақсарғанымен,қоғамдық көліктегі қызмет көрсету сапасы қала үшін өзекті мәселе болып отыр.

"Сонымен қатар,маман тапшылығы мәселесі әлі де бар,бұл жүргізушілердің артық жұмыс істеуіне және қызмет сапасының төмендеуіне әкеледі.

Осы түйткілдерді шешу үшін қоғамдық көлік жүргізушілерінің жалақысын көтеру және этика курстарын енгізу туралы шешім қабылданды. Курстан өткен жүргізушілерге жалақыға қосымша үстеме ақы қарастырылады",- делінген хабарламада.

Сондай-ақ,2025 жылы жүргізушілерге арналған демалыс бөлмелері бар 10 демалу пунктін салу жоспарланып отыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap