бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Баланы тепкен: Атырау сотында тәрбиешіге айыппұл салынды

2025-02-13     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда жекеменшік балабақша тәрбиешісінің ісі бойынша сот шешім шығарды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралған іс материалдарына сәйкес,тәрбиеші сабақ кезінде баланы ұрып жіберген. Сот-медициналық сараптама қорытындысы бойынша,баланың оң жамбасында көгерген іздер анықталған.

Балаға қатыгездік танытқаны үшін тәрбиеші Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 140-бабы 2-бөлігі бойынша айыпталды. Жиналған материалдар негізінде оның кінәсі толық дәлелденген.

Сотта прокурор 80 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу және 3 жылға белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын сұрады.

Сотталушы мен оның қорғаушысы кінәсін толық мойындап,кешірім сұрап,қатаң жаза тағайындамауды сұраған. Жәбірленуші тарап та жеңілдеу үкім шығаруды сұрады.

Сот бұл істің сипатын,оның қоғамдық қауіптілік деңгейін,сотталушының жеке басын,оның отбасылық жағдайын және алғаш рет қылмыс жасағанын ескере отырып,оның шын жүректен өкінгенін назарға алды.

Нәтижесінде сот тәрбиешіні ҚР ҚК-ның 140-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып,80 АЕК (314 560 теңге) көлемінде айыппұл салу және 1 жылға педагогикалық қызметпен айналысуға тыйым салу туралы шешім шығарды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap