бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Лифтідегі шабуыл: 5 жасар баланың жағдайы туралы не белгілі?

2025-02-14     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордалық тұрғын үй кешендерінің бірінде шабуыл жасалған бес жастағы бала бетінің жұмсақ тіндерінен көптеген кесілген жарақаттар алып,қазіргі уақытта ем қабылдап жатыр,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүлдіршін №2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөлімінде емделіп жатыр.

"Антибактериалды терапия мен физиотерапия жалғасып жатыр. Ісіну күшейген жоқ,динамика оң көрсеткіште. Сондай-ақ,күнделікті таңу процедуралары жүргізіліп жатыр",– деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық,2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде балаға пышақпен шабуыл жасаған. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша,балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,зардап шеккен бала бес жаста. Оқиғадан кейін ол көпсалалы №2 қалалық балалар ауруханасының жақ-бет хирургиясы бөліміне жатқызылған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap