бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтауда ер адам танысын алдап, ақшасын алып қашып кеткен

2025-02-14     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда ер адам танысын үй алып беремін деп алдап,ақшасын алып қашып кеткен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

А. есімді азамат Ақтауда тұратын танысына Ақтау аумағынан жаңадан салынып жатқан үйлерден 4 бөлмелі пәтер алып бере алатын мүмкіндігінің бар екендігі туралы жалған ақпарат айтқан.

"Сеніміне кіргенін пайдаланып,алаяқтық жолмен 21 миллион ақша қаражатын заңсыз иемденіп,басқа өңірге қашып кетті. Тергеу барысында A. аса ірі мөлшерде алаяқтық қылмысын жасағаны үшін кінәлі екені дәлелденді",- делінген хабарламада.

Ақтау сотының 16 қаңтар 2025 жылғы үкімі бойынша,А. есімді тұлға ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып,оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.


Үкім заңды күшіне енді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap