бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстандықтар қайтадан қолма-қол ақшадан бас тарта бастады

2025-02-17     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 2024 жылдың қорытындысы бойынша,қолма-қол ақшасыз төлемдердің едәуір өсуі тіркелді. Ұлттық банк мәліметінше,мұндай операциялар саны 13,4 пайызға өсіп,жалпы көлемі 166,1 триллион теңгеге жеткен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандықтар күн сайын орта есеппен 35,1 миллион қолма-қол ақшасыз транзакция жасап,олардың жалпы сомасы 453,6 миллиард теңге болған. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің үлесі барлық операциялардың 98 пайызын,ал жалпы көлемнің 87 пайызы болған. Бұл халықтың цифрлық қаржы құралдарына деген жоғары сенімін көрсетеді.

Транзакциялардың негізгі бөлігін – 90 пайызы – қазақстандықтар банк онлайн-сервистері арқылы жүргізген. Сонымен қатар,интернет және мобильді банкинг қолданушыларының саны 13 пайызға артып,25,9 миллион адамға жеткен. Орта есеппен,әрбір пайдаланушы жылына 6,1 миллион теңгенің онлайн-транзакциясын жасаған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap