бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Павлодарда жеті мектептің оқушылары шұғыл эвакуацияланды

2025-02-17     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодарда белгісіз біреудің хабарламасы салдарынан жеті мектептен жүздеген оқушы эвакуацияланды. Облыстық білім басқармасының мәліметінше,бомба қойылғаны туралы алғашқы қоңырау 10:45-те түскен,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бірінші хабарламаны №39 мектептің директоры жеткізді. Белгісіз адам қоңырау шалып,оқу орны толық миналанғанын және балаларды эвакуациялауға 20 минут беретінін айтқан. Алгоритмге сәйкес,бұл туралы бірден 102 нөміріне хабарланды. Мектепке құқық қорғау органдарының қызметкерлері келіп,оқушыларды эвакуациялауға кірісті. Кейін Шамкенов атындағы мектеп-лицейге,№6,29,17,18 мектептеріне де осындай қоңыраулар түсті. Барлығына балаларды шұғыл шығару туралы нұсқау берілді",– деп мәлімдеді өңірдің білім басқармасы.

Балаларды далада ұстамау үшін сабақтар қашықтан оқыту форматына ауыстырылды.

"Барлық оқу орындары бекітілген алгоритм бойынша әрекет етті – қоңырау түскеннен кейін бірден 102 нөміріне хабар берді. Мәселе Павлодар облыстық білім басқармасының бақылауында",– деді ведомстводағылар.

Кейінірек полицияға тағы бір мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түскен. Оқу орындарына түскен үрейлі қоңыраулар туралы ақпаратты полиция департаменті растады.

"Қаладағы бірнеше мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар беру фактісі бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғады. Оқиға орнына төтенше жағдай қызметтері аттанды,мамандар ғимараттарды тексеріп жатыр. Бұл шараларға басқа да шұғыл қызметтер жұмылдырылды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар адамды анықтау шараларын жүргізіп жатыр" – деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap