бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев Мажарстанның сыртқы істер министрін орденмен марапаттады

2025-02-18     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Мажарстанның Сыртқы істер министрі Петер Сийяртоны қабылдады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрі Петер Сийяртомен кездесті.

Мемлекет басшысы дипломатқа ілтипат білдіріп,Қазақстан мен Мажарстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің деңгейі жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі саяси диалогтың дәйекті дамып,үкіметаралық ықпалдастықтың белсенді өркендеп келе жатқанына назар аударды.

Президент былтыр Будапешт қаласына жасаған мемлекеттік сапары аясында қол қойылған келісімдердің өз деңгейінде іске асырылып жатқанына көңілі толатынын жеткізді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша,бұл уағдаластықтарды жүзеге асыру жан-жақты серіктестікті одан әрі тереңдетуге ықпал етеді. Мемлекет басшысы Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанға ыстық ықыласын жолдады.

Өз кезегінде Петер Сийярто Қасым-Жомарт Тоқаевқа Мажарстан Премьер-министрінің сәлемін жеткізді. Мажарстанның Сыртқы істер министрі Астанаға сапары кезінде бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың түрлі аспектілерін іске асыру жағдайын салалық министрліктермен және ведомстволармен талқылайтынын айтты.

Кездесуде екіжақты күн тәртібінің бірқатар өзекті мәселелері қарастырылды. Сондай-ақ сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы,энергетика және банк секторларындағы өзара тиімді байланысты кеңейтуге ерекше мән берілді.

Бұдан бөлек,Қасым-Жомарт Тоқаев пен Петер Сийярто халықаралық маңызды мәселелер бойынша пікір алмасты.

Кездесу соңында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-мажар қарым-қатынасын дамытуға қосқан үлесі үшін Петер Сийяртоны ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap