бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды

2025-02-19     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының келіссөздері басталды. Бұл туралы ресейлік БАҚ хабарлады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Осторожно,новости" арнасына сілтеме жасап.

Ресей делегациясын Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров,АҚШ-ты Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио басқарады.

Күн тәртібінде Мәскеу мен Вашингтон арасындағы екіжақты қатынастарды жақсарту,сондай-ақ,Украинадағы әскери қақтығысты реттеу мәселесі тұр.

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков ресейлік БАҚ-қа Эр-Риядтағы кездесуде "Путин мен Трамптың кездесетін күні бойынша кейбір болжамдар" айтылуы мүмкін екенін жеткізді.

Еске салайық,бұған дейін БАҚ-та үш тарап Сауда Арабиясында кездесетіні туралы ақпарат тарады. Ал Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз үстеліне отыруға дайын екенінайтты. Оның сөзінше,украиналықтар үшін бейбітшілік орнатудың жалғыз жолы осы болса,бұл қадамға баруға әзір.

Жуырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та Украина төңірегіндегі жағдай туралы пікір білдіріп,еліміздің тыныштығы мен тұрақтылығы ең басты құндылық екеніне назар аударды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap