бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақпанның аяғына дейін бензин бағасы қаншаға өседі: болжам жарияланды

2025-02-19     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда бензин мен дизель отынының бағасын мемлекеттік реттеу ресми түрде алып тасталды. Тиісті бұйрыққа энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев қол қойып,ол 30 қаңтар түн ортасында күшіне енді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстандық жанармай қауымдастығының мәліметінше,реттеудің жойылуынан кейін 1 ақпаннан бастап мұнай өнімдерінің көтерме жеткізушілері бағаны көтерді. Бұл өзгеріс ай аяғына қарай бөлшек отын бағасына да әсер етпек.

"Ресурс иелері,соның ішінде жанармай нарығының 80 пайызын бақылайтын KC Energy Group пен "ҚазМұнайГаз" 1 ақпанда көтерме бағаны көтерді. Осылайша,ақпандағы жанармай көлемін бөлшек саудамен айналысатындар қымбат бағамен сатып алып жатыр. Орташа алғанда,АИ-92 бензині мен дизель отынының көтерме бағасы 1 литріне 4 теңгеге өсті. Тиісінше,ақпанның аяғына қарай,бұрынғы бағамен сатып алынған қорларға байланысты,жанармайдың бөлшек бағасы да 4 теңгеге көтеріледі",– деп түсіндірді қауымдастық.

Сонымен қатар,қауымдастық өкілдері бұл 4 теңгенің 80 пайызы,яғни 3 теңгесі,мемлекеттік бюджетке акциз ретінде алынатынын атап өтті.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap