бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда ет қымбаттай ма? Ауыл шаруашылығы министрлігі жауабы

2025-02-20     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы Қазақстанда ет қымбаттай ма деген сұраққа жауап берді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша,былтыр Қазақстанда 1,1 миллион тоннадан астам сиыр және қой еті өндірілген,бұл елдің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етеді.

"Былтырғы қорытынды бойынша,ет өндірісі шамамен 4 пайызға,оның ішінде сиыр еті 2 пайыздан астамға өсті. Бұл шаралар халықты етпен толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді,сондықтан өндіріс көлеміне байланысты ет бағасының өсуіне әсер ететін факторларды әзірге байқамаймыз",– деді Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Шенеуніктің айтуынша,бұған дейін ет бағасының өсуіне Өзбекстан тарапынан жоғары сұраныс әсер еткен.

"Бірақ соңғы бір аптада баға тұрақталды,әрі қарай факторларды (қымбаттау - еск.) әзірге болжап отырған жоқпыз. Қазіргі уақытта мал өсірушілерге айналым қаражаты үшін 5 пайыздық жеңілдетілген қаржыландыру қарастырылып жатыр. Бұл шара елдегі ет өндірісін қосымша ынталандыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта сиыр етінің орташа бағасы келісіне 2700-3000 теңге шамасында",– деп толықтырды вице-министр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap