бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстанда екі жылда 80 ауыл жойылып кеткен

2025-02-20     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейінгі екі жылда Қазақстан картасынан 80 ауыл жойылып кетті. Бұл туралы Мәжілісте ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел барысында депутат Жигули Дайрабаев мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс депутаты ресми деректерге сүйене отырып,былтырғы 1 қазанға қарай Қазақстан халқының 37,2 пайызы ауылдық жерлерде тұрғылықты тұрғанын айтты.

"Жыл сайын бұл көрсеткіш төмендеп келеді. Бүгінде Қазақстанда 6208 ауыл бар,ал 2023 жылы олардың саны 6286 болған. Осылайша,бар болғаны екі жыл ішінде 80 ауыл жойылды. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше,былтыр қазақстандық ауылдардағы көші-қон сальдосы минус 111 400 адам болған",– деді Дайрабаев.

Депутаттың айтуынша,бұл – соңғы 25 жылдағы ең төменгі көрсеткіш.

"Алматы және Атырау облыстарын қоспағанда,барлық өңірде көші-қон сальдосы нөлден төмен болды. Әсіресе,Түркістан облысындағы жағдай алаңдаушылық тудырады,бұл өңірден 29,2 мың адам көшіп кеткен",– деді мәжілісмен.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap