бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр

2025-02-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Түркияға ет жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шенеуніктің айтуынша,былтыр Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымының көлемі шамамен 285 миллион доллар болған.

"Экспорттың негізгі тауарлары – дәнді және бұршақты дақылдар. Ал Түркиядан әкелінетін негізгі импорт – көкөністер,жемістер,жаңғақтар және басқа да дақылдар",– деді Кенжеханұлы Сенат кулуарында.

Сонымен қатар,оның айтуынша,Қазақстан Түркияға ет экспорттауды жоспарлап отыр.

"Қазіргі уақытта біз ет пен ет өнімдерін экспорттауды қамтамасыз ету бойынша шаралар жүргізіп жатырмыз. Осыған байланысты Түркияның ветеринарлық қызметімен тиісті жұмыстар атқарып жатырмыз. Сондай-ақ,Түркияға ет және ет өнімдерін экспорттауға ниетті кәсіпорындарды келісу процесі жүріп жатыр",– деп түсіндірді вице-министр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap