бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мүгедектігі бар балалар: Перизат Қайрат ісінде жаңа эпизод тіркелген

2025-02-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Перизат Қайрат ісі бойынша жаңа мәліметтерді жариялады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елемесовтің айтуынша,Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы – "Алаяқтық" және 218-бабы – "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бойынша тергеліп жатыр.

"Бірнеше эпизод тергеліп жатыр: Палестина тұрғындарына қайырымдылық ретінде жинаған қаражатқа,сондай-ақ су тасқынының салдарларына байланысты.

Қаңтардың аяғында жаңа эпизодты тіркедік. Ол мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын құру үшін аукцион және ақша жинау ұйымдастырған. Осылайша,ол шамамен 22 миллион теңге жинап,бұл қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған",– деді Жеңіс Елемесов.

Оның айтуынша,Перизат Қайрат осы қаражатқа бірнеше пәтер,жеке үй және автокөлік сатып алған.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі тергеу наурыздың басында аяқталатынын мәлімдеген болатын.

Еске салайық,2024 жылдың қарашасында Перизат Қайраттың үстінен қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған еді. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap