бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Перизат Қайратқа қатысты тергеу қашан аяқталады?

2025-02-20     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Перизат Қайрат ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша,қылмыстық іс 100-ден астам том болған.

"Иә,Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс қазір тергеліп жатыр. Біз аяқтау сатысына таяп тұрмыз. Жақын арада,наурыздың басында тергеу аяқталғанын жариялап,іспен танысу кезеңіне көшеміз. Іспен танысу қанша уақытқа созылатынын нақты айта алмаймын,себебі бұл қылмыстық процеске қатысушыларға байланысты. Онда 100-ден аса том материал бар,заттай дәлелдерді қоспағанда. Сондықтан барлығы қоғамдық процеске байланысты болады",– деді Елемесов Мәжіліс дәлізінде.

Оның айтуынша,Перизат Қайрат әлі де қамауда. Алайда оның қамау мерзімі соңғы рет қашан ұзартылғанын нақтыламады.

Еске салайық,2024 жылдың қарашасында ҚМА ерікті және қоғамдық қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол көктемгі су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде жиналған 1,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap