бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

ҚТЖ-ның еншілес ұйымы монополиялық табыс үшін жазаланды

2025-02-21     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ еншілес ұйымына монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін айыппұл салынды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.

Астана бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "KTZ EXPRES" АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру жүргізді,оның барысында 2021 жылы әскери тасымалдау аясында көлік-экспедиторлық қызметтерге монополиялық жоғары бағаларды белгілеу деректері анықталған.

Тергеп-тексеру барысында Акционерлік қоғам белгілеген экспедиторлық комиссиялардың Қазақстан аумағы бойынша тасымалдау құнының 30 пайызға жетіп,рұқсат етілген нормалардан асып кеткені анықталды.

"Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі Мамандандырылған ауданаралық сотта істі қарау қорытындысы бойынша компанияға 10 114 304,84 теңге мөлшерінде монополиялық табысы тәркіленіп,853 379,7 теңге мөлшерінде айыппұл тағайындалды (сот қаулысы заңды күшіне енді)",- делінген хабарламада.

БҚДАД тергеп-тексеруі Бас көлік прокуратурасымен бірлесіп жүргізілген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap