бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Лифтідегі шабуыл: жасөспірімге қандай жаза төніп тұр?

2025-02-21     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың тұрғын үй кешендерінің бірінің лифтінде бес жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған 14 жастағы жасөспірімге қандай жаза төніп тұрғаны белгілі болды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Полиция департаменті Нұра ауданының полиция басқармасы Tengrinews.kz басылымының ресми сауалына жауап ретінде Қылмыстық кодекстің 293-бабының 3-бөлігі "Денсаулыққа зиян келтiру үшiн арнайы лайықталған басқа да заттарды қолданып немесе қолдануға тырысып жасалған,сол сияқты қылмыстық топ жасаған бұзақылық" бойынша соталды тергеп-тексеру басталғанын хабарлады.

Бұл баптың санкциясы бес жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Еске салайық,2025 жылы 11 ақпанда Астанада 14 жастағы жасөспірім лифтіде 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасады. Оқиғаны тергеу кезінде кәмелет жасына толмаған жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғаны анықталған.

Астана Полиция департаменті бастығының орынбасары Қуаныш Орынбетовтің айтуынша,балаға жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,зардап шеккен бала бес жаста. Дәрігерлер алғашында оның жалпы жағдайын ауыр деп бағалады. Ал отадан кейін баланың жағдайы тұрақты екені айтылды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap