бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығы: Перизат Қайрат ісіндегі жаңа деректің мән-жайы

2025-02-21     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

2025 жылдың 23 қаңтарында Перизат Қайратқа қатысты мүгедек-балаларға арналған оңалту орталығын салуға ақша жинау алаяқтығы бойынша сотқа дейінгі жаңадан тергеу тіркелді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше,Перизат Қайрат 2021 жылғы қарашада Ақмола облысында "Батыр" қоғамдық бірлестігіне оңалту орталығын салу үшін ақша жинау мақсатында қайырымдылық аукционын ұйымдастырған.

"Жұрттың сенімін арттыру үшін оңалту орталығына мұқтаж мүгедек-балалар мен олардың ата-аналарын іс-шараға тартқан. П.Қайрат тарапынан таратылған жалған деректер бойынша 48 миллион теңге жиналып,құны 100 миллион теңге ғимарат сыйға тартылған. Алайда,аукцион кезінде шын мәнінде 22 миллион теңге түскен,осы ақшаны ол өзінің жеке қажетіне жаратқан",- делінген хабарламада.

Сонымен қатар,Перизат Қайрат "Батыр" қоғамдық бірлестігі үшін құны 30 миллион теңге жер телімін сатып алғанын мәлімдеген,алайда бұл участокты 2019 жылы бірлестік өзі сатып алған. Оңалту орталығының құрылысы әлі басталмаған қалпында тұр. Орталықтың қажеттілігіне берілді деген ғимарат мүлдем жоқ болып шықты.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне байланысты басқа ақпарат жарияланбайды.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap