бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Батыс Қазақстанда 77 миллион теңге табысы бар ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды

2025-02-24     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысында құмар ойындары бизнесі бойынша екі автокөлік тәркіленді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА Маңғыстау облысының департаменті 2022-2023 жылдары компьютерлік зал атын жамылып заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың әрекетін тоқтатты.

"Қатысушылардан ақшалай ставкалар банк аударымдары арқылы қабылданып,кейін олар арнайы платформада тіркеліп,ойындарға қатысу үшін логин,пароль және сілтеме беру арқылы жүзеге асқан. Нәтижесінде қылмыстық топтың жалпы табысы 77 миллион теңгеден асты",-делінген хабарламада.

Қаржылық тергеу барысында күдіктілер заңсыз жолмен табылған қаражатқа 36 миллион теңгеге екі автокөлік – Toyota Land Cruiser және Mersedes-Benz 320 сатып алғаны анықталған.

"Сот үкімі бойынша,олар ҚР ҚК 307-бабы 2-бөлігі 2-тармағы (заңсыз құмар ойын бизнесін ұйымдастыру) және 262-бабы 1-бөлігі,2-бөлігі (ұйымдасқан қылмыстық топ құру,басқару және оларға қатысу) бойынша кінәлі деп танылып,5-тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылды",- делінген хабарламада.

Қылмыстық жолмен алынған автокөліктер мемлекет пайдасына тәркіленген.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap