бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Парламенттен кетті

2025-02-25     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Руслан Берденов басқа қызметке ауысуына байланысты Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтататынын мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Берденовтың айтуынша,ол Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалмақ.

Айта кетейік,Қазақстанда Парламент депутаты басқа ақылы қызметті атқара алмайды. Сондықтан,Берденов Шымкент әкімдігіне тағайындалғаннан кейін Мәжіліс депутаты мандатын тапсырады.

Руслан Берденовтың өмірбаяны

2006 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Менеджмент" мамандығы бойынша бітірген. 2009 жылы іскерлік әкімшілік магистрі дәрежесін алған.

2005 жылы еңбек жолын "Сеймар Груп" АҚ-да Almaty Kus компаниясында бастаған. 2007-2010 жылдары Procter & Gamble LLP компаниясында негізгі логистикалық координатор қызметін атқарған.

2010-2012 жылдары EASTCOMTRANS ЖШС-де жылжымалы құрамды жалға беру бөлімінің бастығы болған.

2012-2018 жылдары Akniet Pharmaceuticals компаниясының басшысы болды. Бұл фармацевтикалық компания Қазақстандағы 50 ірі жеке компания қатарына кіреді. Компанияға Europharma және Arzan pharm брендтерімен 282 дәріхана кіреді.

2018-2019 жылдары "Ақ Ниет" ЖШС бақылау кеңесінің мүшесі болған.

2019-2023 жылдары Aq Niet Group бақылау кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap