бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Қашқын экс-шенеунік Сәдуақасов Қазақстанға жеткізілді: видео

2025-02-27     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен және Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесе отырып,іздеуде болған Ақтау әкімінің бұрынғы орынбасары Тимур Сәдуақасовты Қазақстан Республикасының аумағына жеткізді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны және лауазымды тұлғаларға пара беруге итермелегені үшін күдікке ілінген.

"2023 жылғы шілдеде Сәдуақасов Т.Х. мен адвокат Құрманбаев С.Н. өздерінің қызметтік байланыстарын пайдаланып,Долгалев В.И.-дің іскерлік серіктестеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу бастау мәселесін шешуді ұсынған. Аталған мәселені шешу үшін Сәдуақасов Т.Х. мен Құрманбаев С.Н.-ға заңсыз сыйақы ретінде 225 миллион теңге беру жөнінде келісім жасалған",- делінген хабарламада.

Алайда,күдіктілер параның алғашқы бөлігі – 90 миллион теңгені алғаннан кейін бұл қаражатты өз пайдасына жаратқан және өз міндеттемелерін орындамаған.

"Кейін Сәдуақасов Т.Х. қылмыстық жауапкершілікке тартылудан қауіптеніп,соттан жасырынған. Ол мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтіп,Өзбекстан Республикасының Шекара қызметі тарапынан ұсталған. Соған байланысты оған қатысты шекараны заңсыз кесіп өткені үшін қылмыстық іс қозғалған".

2025 жылғы 25 ақпанда Түркістан облысындағы "Қапланбек" шекара бақылау-өткізу пунктінде ол ҚМА қызметкерлеріне тапсырылып,кейін Шымкент қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Жақын арада ол Павлодар қаласындағы тергеу изоляторына жеткізіледі.

Аталған іс Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қарастырылады.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap