бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Министрлік электр энергиясы тарифтерінің өсу себептерін түсіндірді

2025-02-27     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 ақпаннан бастап Қазақстандағы электр станцияларында тарифтер орта есеппен 20 пайызға өсті. Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов тарифтердің қымбаттау себептерін түсіндірді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Есімханов өсімнің негізгі факторлары ретінде шикізат пен қосалқы бөлшектердің қымбаттауын атады.

"Өздеріңіз білетіндей,Энергетика министрлігі тек электр станциялары өндіретін электр энергиясының тарифтерін бекітеді. Біз оларды жылына бір рет қараймыз және жыл сайын өзгерістер болады. Биыл 1 ақпаннан бастап станциялардағы тарифтер орта есеппен 20 пайызға өсті. Бұған бірнеше фактор әсер етті. Біріншіден,шикізат бағасының өсуі: көмір қымбаттады,инфляция әсерінен қосалқы бөлшектердің бағасы көтерілді. Екіншіден,кадр мәселесі: біз біртіндеп станциялардағы жалақыны көтеріп жатырмыз. Бүгінде өндірістік білікті персоналдың орташа айлығы 400–420 мың теңгеге жетті,бұл да тарифке әсер етеді. Сонымен қатар,сапалы жабдықтарды сатып алып,жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Барлық осы факторлар станциялардың тарифтерінің өсуіне ықпал етеді",– деп түсіндірді вице-министр Сенат кулуарында.

Есімхановтың айтуынша,тұтынушылар үшін тарифтердің күрт өсуі күтілмейді. Ол бағаның өзгеруін Табиғи монополияларды реттеу комитеті бақылайтынын атап өтті.

"Біз бірлесіп жұмыс істеп жатырмыз,сондықтан ай сайын тарифтердің күрт қымбаттауы жоспарланып отырған жоқ. Жылына бір рет жоспарлы өсім қарастырылған – стратегиялық тауарларға қатысты төтенше жағдайларды қоспағанда. Сонымен қатар,әлеуметтік көмек көрсету мәселелері де қарастырылып жатыр.

Тарифтердің өсуі бірден болмайды: станциялардағы қымбаттаудан кейін электр энергиясын бөлшек нарыққа жеткізушілер Табиғи монополияларды реттеу комитетіне тарифтерді бекіту туралы өтінім береді. Бұл процесс қоғамдық талқылауды қамтиды және ашық жүргізіледі. Сондықтан тариф бірнеше күн ішінде күрт өседі деп алаңдаудың қажеті жоқ",– деп сендірді Сұңғат Есімханов.

Еске сала кетейік,Қазақстанның бірнеше өңірінде электр энергиясының шекті тарифтері көтерілді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap