ПОДЕЛИТЬСЯ
Қытайдың Таншань қаласында Астанадағы LRT үшін алғашқы вагондар құрастырыла бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
19 дана жылжымалы құрамға тапсырыс берілген. Алғашқы пойыздар қыркүйекте Астанаға әкелінеді деп жоспарланып отыр,содан кейін оларды тестілеу басталады.
Ұзындығы 60 метрлік жылжымалы құрамдар GOA 4 деңгейіндегі автоматтандырылған бағдарламалық-аппараттық кешенмен жабдықталады,ол мынадай функцияларды қамтамасыз етеді:
есіктерді автоматты түрде ашу және жабу;
тоқтау және жылдамдату;
депоға кіру және шығу;
құрамдардың жағдайын бақылау;
пойыздар арасындағы қашықтықты реттеу;
оператордың (машинис) қатысуынсыз басқа функцияларды орындау.
Төрт секциялы құрамдар толық жүктелгенде (6 адам/шаршы метр) 600-ден аса жолаушыны сыйғыза алады.
Салондарда беріктігі жоғары материалдар,соның ішінде органосиликатты былғары және шыны талшықты композит қолданылады,бұл жолаушыларға жайлылықты арттырады.
Шуды азайту үшін келесі технологиялар қолданылады:
қалыңдатылған терезелер және шуды бәсеңдету элементтері;
диаметрі үлкейтілген дөңгелектер.
Құрамдар заманауи ақпараттандыру жүйелермен жабдықталады:
сыртқы және ішкі электронды таблолар;
LCD-мониторлар,олар қозғалыс бағытын,соңғы және келесі станцияларды,есіктердің ашылу жағын және шұғыл ақпаратты көрсетеді.
Астана климатының ерекшелігін ескере келе,алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнектің булануының алдын алады.
Астана қаласының әкімдігі
Әкімдік мәліметінше,қазір алюминий қорытпасынан жасалған корпус элементтерін дайындау және дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алғашқы жылжымалы құрамдар мамырдың соңына дейін дайын болады. Ал қыркүйекте алғашқы пойыздар жеткізілгеннен кейін тестілік сынақтар басталады.
"Тест режимінде іске қосу - пайдалануға берудің маңызды кезеңі. Бұл кезеңде барлық инфрақұрылым элементі,жылжымалы құрам және барлық жабдық тексеріледі,соның ішінде рельстердің бүтіндігі,электрмен жабдықтау жүйесі,телекоммуникация жүйелері толық зерттеледі. Сынақ барысында үлкен көлемде дерек жиналып,талданады,соның нәтижесі бойынша LRT жүйесін пайдалануға беру туралы шешім қабылданады. Алғашқы тестілік іске қосу биыл қыркүйекке жоспарланған,бұл сынақтар бірнеше айға созылады",– деп түсіндірді "City Transportation Systems" ЖШС басқарушы директоры Орынбасар Ағыбаев.