бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтөбеде бірінші сынып оқушысының өлімі туралы нұсқа тексеріліп жатыр

2025-03-03     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде жантүршігерлік қайғылы оқиға болды. Бірінші сынып оқушысының жүрегі қаңғыбас итті көргеннен кейін тоқтап қалған,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 28 ақпанда болған. 2017 жылы туған бала мектепке бару үшін үйден шығып,анасы үйдің есігін жауып келгенше күтіп тұрған. Осы кезде көшеде жүрген қаңғыбас ит оған жүгіріп келгені белгілі болды. Бала одан қатты қорыққан болуы мүмкін.

Алдын ала мәліметтер бойынша,2017 жылы туған бала есінен танып,содан кейін оның жүрегі тоқтап қалған. Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

"Анасы сол сәтте есікті жауып,құлыптап жатқан. Бала оны сыртта күтіп тұрған. Осы уақытта ит жүгіріп келіп,бала қорқып,есінен танып қалған. Кейін дәрігерлер оның жүрегі тоқтап қайтыс болғанын растады",- деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Әлиби Латып.

Ақтөбе облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі баланың қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.

"28 ақпанда сағат 07:30 шамасында Ақтөбедегі Маресьев көшесіндегі үйдің ауласынан кәмелетке толмаған баланың денесі табылды. Тексеру барысында зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін сараптама тағайындалды",- ПД баспасөз қызметінің басшысы Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облысы әкімдігі оқиғаға байланысты брифинг өткізуді жоспарлап отыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap