бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Астана тұрғындары “Отбасы банк“ бөлімшелерінде дүрбелең туғызды

2025-03-04     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде Астанадағы "Отбасы банк" бөлімшелерінде ұзын-сонар кезек күтіп тұрған адамдардың суреттері тарады,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк клиенттері алдымен есіктің алдында күткен,кейін қаржы ұйымының ғимаратын толтырған.

Отбасы банктің Tengrinews.kz тілшісіне түсіндіруі бойынша,адамдардың көп жиналуына мемлекеттік сыйлықақы есептелгеннен кейін операциялардың қайта басталуы себеп болған.

"Отбасы банк" мәліметінше,2025 жылдың 5 қаңтарынан бастап тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісім шарттарын өзгертуге байланысты операциялар уақытша тоқтатылған. Бұл салымшылардың шоттарына жыл сайын түсетін мемлекеттік сыйақыны дұрыс есептеу үшін қажет болған.

Сурет әлеуметтік желілерден алынған

"Яғни,клиенттер өз депозиттерін біріктіру,бөлу,тарифтік бағдарламаны өзгерту немесе өзге де операцияларды орындай алмаған. Өткен демалыс күндері салымшылардың шоттарына мемлекеттік сыйақы түсті,енді олар "Отбасы банк" бөлімшелеріне келіп,"Отбасылық пакет" аясында депозиттерін біріктіруге,депозитті басқа адамға беруге немесе баспана сатып алу үшін несие алуға өтініш беріп жатыр",– деп түсіндірді банк.

Сонымен қатар,банкте мемлекеттік сыйақы аударылғанға дейінгі кезеңде постдепозиттік операциялардың уақытша тоқтатылуы жыл сайын орындалатынын атап өтті. Бұл туралы банк өз клиенттерін ресми сайтында алдын ала хабардар етеді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap