бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Тоқаев Түркістанның ерекше мәртебесін бекітті: Кеше, 10:12 - жаңалықтар Tengrinews.kz

2025-03-04     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Заңда еліміздің рухани,тарихи-мәдени,туристік орталығы және сәулет мұрасы ретіндегі Түркістан қаласының ерекше мәртебесі бекітілген.

Құжатта:

тарихи-мәдени мұраны сақтау – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен басқа да ескерткіштерді қорғау;

археологиялық және ғылыми-реставрациялық жұмыстарды реттеу;

тарихи-мәдени мұраны қайта жаңғырту және ұлттық қолөнерді дәріптеу;

қорғау аймағында биіктігі мен сәулеті үйлеспейтін ғимараттарды салмау;

археологиялық ескерткіштердің резерватын құру;

мүгедектігі бар адамдарға қолжетімді инфрақұрылым және инклюзивті туризм құру арқылы қалада жайлы орта қалыптастыру;

қаланың бірыңғай келбетін – сәулет ерекшелігін сақтау үшін дизайн код енгізу;

тиімді басқару мен бақылау үшін әкімдік пен мәслихат өкілеттігін кеңейту;

мемлекет тарапынан қолөнер шеберлерін қолдау мен көлік транзитін реттеу;

туризмді дамыту және тұрмыс сапасын арттырумен қатар қаланың тарихи ерекшелігін сақтау қарастырылған.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap