бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтөбе облысында жоғалған ер адам бір тәуліктен кейін табылды

2025-03-04     IDOPRESS

ПОДЕЛИТЬСЯ

ТЖМ қызметкерлері Ақтөбе облысында жоғалған адамды тапты,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Іздестіру-құтқару операциясы Ақтөбе облысының Алға ауданында жүргізілген.

Кеше таңертен 1969 жылы туған ер адам шаруашылық қожалығынан мал іздеуге шыққан. Кешке қарай құтқарушыларға алаңдаған туыстары хабарласып,ер адам үйге қайта келмегенін,онымен байланыс жоқ екенін жеткізген.

Іздеуге құтқарушылар екі жол талғамайтын ТРЭКОЛ көлігімен шыққан. Төрт сағат жол жүрген құтқарушылар ер адамды басқа шаруашылық қожалығы аумағынан тапты.

"Ер адам зардап шекпеген. Оның телефон қуаты отырып,қарда жүретін көлігі батып қалғандықтан,бірнеше шақырым жаяу жүріп шаруа қожалығына жеткен",- деп жазылған хабарламада.

Құтқарушылар ер адамды Көктоғай кентіне жеткізді.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap