бүгінгі күнге дейін

Сілтемелер

Ақтауда бала құбырдан аққан ыстық суға күйіп қалды

2025-03-06     HaiPress

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтауда құбыр жарылып,шұңқырға жиналған ыстық суға бала күйіп қалды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

11 жастағы бала ыстық суға толы шұңқырға құлап кеткен. Куәгерлердің айтуынша,оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді.

Жергілікті пабликтерде оқиға орнынан түсірілген видео пайда болды,онда анасы болған жағдай туралы айтып береді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Актау 911 | Aktau 911 (@911.aktau)

Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше,баланың денесінің төменгі бөлігін күйік шалған.

"2014 жылы туған баланың сан және балтыр бөліктері екінші және үшінші дәрежеде күйіп қалған. Денесінің 30 пайызы зақымданған. Күйіктің ауырлығына байланысты баланың жағдайы ауыр. Дәрігерлер тексеріп,күйік жарасына хирургиялық өңдеу жүргізді. Есін біледі,жүрек соғысы мен тыныс алуы қалыпты",– деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта зардап шеккен бала қарқынды терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Жауапкершіліктен бас тарту: Бұл мақала басқа ақпарат құралдарынан көшірілген. Қайта басып шығарудың мақсаты - қосымша ақпарат беру. Бұл бұл веб-сайт оның көзқарастарымен келісетінін және оның түпнұсқалығына жауап беретінін білдірмейді және ол ешқандай заңды жауапкершілік көтермейді. Бұл сайттағы барлық ресурстар Интернетте жинақталған және бөлісу мақсаты тек сіздің зерттеуіңізге және анықтамаңызға арналған.Егер авторлық құқық немесе зияткерлік меншік бұзылса, бізге хабарлама қалдырыңыз.
Жоғарыға оралу
поп-музыка газеті      бізбен хабарласыңы   SiteMap